2024 жылғы 7 қаңтарда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Bolashaq saraıy" базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиада 2023 жылғы 3-7 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында өтті, оған қала мектептерінен 14 оқушы, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі бағытта (жаратылыстану-математикалық бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) екі турда, өткізу кестесіне сәйкес, пәндік, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өтті.
Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша қала мектептерінен келесі жеңімпаздар, жүлдегерлер атанды:
Фереева Гүлназ-қазақ тілі мен әдебиеті пәні, 10 сынып, Мектеп гимназиясы, ІІ жүлделі орын.
Қусаинова Дарига - ағылшын тілі пәні, 11 сынып, ІТ мектеп-лицейі, ІІІ жүлделі орын.
Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!