2023 жылғы 17 қарашада Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен “Ұлттық мектеп лигасы” бағдарламасы аясында, 9-11-сынып оқушылары арасында облыстық “ШАХМАТ” ойыны өтті. Жарысқа 20 құрам қатысып, Қосшы қаласы 2-орынға ие болды.
Осы оқу жылынан бастап шахмат ойыны қолға алынып, білім бөлімінен, қала әкімдігінен қолдау тауып, оқушыларымыз жақсы көрсеткішпен дәлелдеп отыр. Жетекшісі Байжанов Төкен Е жетекшілігімен былтырғы жылы да орын алып, Косшы қаласының мәртебесін көтеріп келеді. Оқушыларға бар жағдай жасалуда шахмат құрылғылары алынып, жеке кабинеттер жабдықталып, соның нәтижесінде болып отырған көрсеткіш деп білеміз. Қосшы қаласының оқушылары қала атауын биікте көрсетеді деген сенімдемін. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жарқын жеңістеріміз көп болсын!