«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Р.Қошқарбай ат. №1 ЖОББМ 14 қараша күні барлық білім беру мекемелерінің денешынықтыру пәндерінің әдіскерлері жиналып, «төрт тоқсан-төрт жарыс» атты тұжырымдаманы пысықтауы туралы семинар өткізілді.

15.11.2023

Қазақстан-этномәдени және этноәлеуметтік жағынан бірегей мемлекет. Оның ерекшелігі көп ұлттылығында, ұлттық құндылықтар патриоттық сезімдерден, өз халқына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген мақтаныш сезімінен, өз ұлтының өкілдеріне жанашырлық сезімдерінен көрінеді және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ең маңызды қозғаушы күш болып табылады.

Ұлттық мерекелер, халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты- балалардың адамгершілік тәжірибесін меңгеруі, халықтың рухани мұрасын мұра етіп қалдыру, тұлғааралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жету. Мереке қарсаңында еліміздің барлық бұрыштарында, Қосшы қаласы бойынша білім беру ұйымдарында «төрт тоқсан-төрт жарыс» ұлттық мәдени-ағарту жобасы шеңберінде жаппай мерекелер, конкурстар, көрмелер, жарыстар, олимпиадалар, фестивальдар өткізіледі. Осы ісшараларға байланысты Р.Қошқарбай ат. №1 ЖОББМ 14 қараша күні барлық білім беру мекемелерінің денешынықтыру пәндерінің әдіскерлері жиналып, «төрт тоқсан-төрт жарыс» атты тұжырымдаманы пысықтауы туралы семинар өткізілді.

Қазақстанда соңғы жылдары ұлттық ойындарға, оның ішінде асық ойындарына деген қызығушылық қайта жандануда. Балалар мен жастар асық ойнауға және өзінің қырағылығын тескеруге көбірек ниет білдіруде.

Асық ойнау-бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылылық қасиеттерді дамытатын, оқушылардың логикалық ойлауына оң әсер ететін спорт.

Ұлттық ойындар қол жетімді және мәнерлі. Кейбір қазақ ойындары мектептерде енгізілген.

Қазақтың ұлттық ойындары табиғатпен және оның заңдарымен тығыз байланысты. Асық ойнау баланың жүйке жүйесін мықты, мінезді берік, қимылдарын дәл болуға ықпал етеді.

Қазақтың дәстүрлі асық ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.

Осы шараларды әлеуметтік желілерге жариялау үшін және жоспар әзірленіп, күнделікті аптаға бөлініп, ақпараттар жүктелетіні анықталды.

Б.Момышұлы айтқандай «Асық ойыны-үлкен халықтық тәрбие. Біздің ұлтымыздың дәстүрлері мен мәдениетінің бастауы» осы бастама өте орынды ісшара ретінде барлық жетекшілерінен қолдау тапты. Қосшы қаласы бойынша 6 денешынықтыру пәндерінің мұғалімдерінде асық ойыны бойынша арнайы курс оқып алынды.

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст