Текст
8 қыркүйек 2023 жылы Қосшы қаласы білім бөлімінде Оқу-ағарту министрлігінің нұсқамасына сайкес, қалалық Ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы болды отырысқа ардагер мүғалімдер: Баймаганбетова Сабира Аблаевна, Досмагамбетов Мусабек Шуакбаевич, Сарсенбаева Айсулу Бигожановна, Хасенов Мурат Казыкенович және Яковлева Галина Васильевна қатысты. Жиын барысында қалалық білім бөлімі басшысы Қ.Есенбекұлы жаңадан құрылған Ардагерлері кеңесінің жұмысына сәттілік тілеп, негізгі бағыттары мен міндеттерін кең көлемде түсіндіріп, болашақта білім беру саласында мемлекеттік саясатты жаңғырту мен дамыту жөнінде шешімдер қабылдауда өз үлестерін қосатынына сенімді екеніне жеткізді.