29.09.2023
2023 жылғы 29 қыркүйек күні Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен » республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 6 номинация бойынша қала мектептерінен 33 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңге төмендегі оқушылар жолдама алды:
- «Шешендік,білгірлік» сайысы номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы №1 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ержан Ақтоты;
- «Көркемсөз» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Орынбасар Махаббат;
- «Эссе жазу» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мусаева Ақбота;
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ермахан Дінмұхамед;
- «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы ІТ мектеп- лицейінің 8-сынып оқушысы Абдуразақ Иманғали;
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қосшы қаласы №2 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Мекенбай Аяулым.