2023 жылдың 21 қыркүйекте Қосшы қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептер асханаларының сапалы тамақтануды қамтамасыз ету барысын анықтау мақсатында тексеріс жүргізілді.
Сондай-ақ, асханалар тазалығынын талапқа сай болуы қаралды. Тексеру кезінде өрескел кемшіліктер, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ыстық тамақ қаланың барлық мектептерінде ұйымдастырылған. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізушілер жеке кәсіпкерлер болып табылады. Тегін тамақпен 5016 оқушы қамтылған. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 121 оқушы тегін ыстық тамақпен, сонымен қатар, 4897 1-4 сынып оқушылары үшін бюджет есебінен тегін тамақтану ұйымдастырылды. Тамақтану құны бастауыш сыныптар үшін және 5-11 сынып оқушылары үшін 750 теңгені құрайды.