15.03 2023жылы Қосшы 2 ОМ қалалық денешынықтыру пән мұғалімдерінің " спорттық ойындар және жеңіл атлетикаға заманауй төрешілігі атты оқыту семинары өткізілді. Семинарға Қосшы қаласының жас мамандары қатынасты. Семинарды Қосшы 2 ОМ мұғалімі зерттеуші Нажбиев Дарымхан Кумарұлы ашып жалпы төрешілік туралы мағұлмат берді. Бүгінгі замандағы спорт ойындарының проблемалары мен жаңадан енгізілген өзгерістерге тоқталды. Волейбол ойыны туралы зерттеуші Мухамадиев Дархан слайд арқылы толық мағлұмат берді, Нургалиев Берік футбол туралы төрешілік өзгерістерді түсіндірсе, зерттеуші Мырзабекұлы Аслан жеңіл атлетика туралы баяндама жасады . Жас мамандары бәрі ризашылығын білдіріп осындай оқу семинары жиі болуын талаптар қойды. Семинар жақсы,мағаналы өтті деп Қалалық білім беру әдіскері Камиев Бауыржан Аманжолұлы өз бағасын берді.