Ақмола облысы, Қосшы қаласы бойынша білім беретін мектептер арасында 19.01.2023 күні «IТ мектеп-лицей» спортзалында алғаш рет "ДЖАМП РОУП" және "РОУП СКИППИНГ" жарысы болып өтті. Аталған жарысқа 5-6 сыныптар,7-8 сыныптар, 9-11 сыныптардан , (1 ұл,1 қыз баладан) оқушылар қатысты. Жарыстың ережесі бойынша 1 кезеңде-30 секунд, 2 кезең бойынша 180 секунд аралығында , секіртпемен ,ойын ережесі бойынша секіру қажет. Жарыс қорытындысы бойынша ,жеңіске жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жүлделі І орын алған 7-8 сыныптар арасынан Р.Қошқарбай атындағы мектептің оқушысы Муродова Мадина 8 сынып, Мурат Шынғыс 5 сынып оқушысы, IТ мектеп-лицейінен Әбдісалық Данияр 8 сынып оқушысы, Қайрат Айша 6 сынып оқушысы, Тайтөбе орта мектебінен Миндахмет Анель 10 "А"сынып оқушысы, Саханов Ерсұлтан 11-сынып оқушылары облысқа жолдама алды.