06.01.23 жылы Қосшы қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «ІТ мектеп лицейінде», денешынықтыру пән мұғалімдерінің «Жаңартылған оқу мазмұнын денешынықтыру сабағында қолдану» атты семинары өтті. Семинарды «Үздік мұғалім -2017», «педагог зерттеуші», «ІТ мектеп лицейі» мұғалімі, Кембридж университетінің бағдарламасын меңгерген, Қостанай, Ақмола облыстарында дәріс берген Қасымханов Сандыбай Ахметолдинович бастап ашты. Үш топқа жас мамандарды бөліп, неше түрлі әдіспен жаңа бағдарламаның тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар, №2 ЖОББМ денешынықтыру пәні мұғалімі Д.К. Нажбиев «5-сыныптағы денешынықтыру пәні бойынша сабақ берудің ерекшелігі», №1 ЖОББМ денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Бектемисов «Қазақстандағы қазақ күресінің дамуы» атты тақырыптарда өз жұмыстарын таныстырып өтті. Барлық оқылған баяндамалар қызу талқыланып, семинар практикалық түрде аяқталды. Үш топ өз ара эстафеталық ойын түрлерін көрсете білді. Осындай семинарлар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып әлі де талай белестерді алуға болады деген үміттеміз.