2022 жығы 27 желтоқсан күні Қосшы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!» атты әкім шыршасы өтті.
Жаңа жылдық мерекеге жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қонақ болды.
Әр баланы кіреберістен кейіпкерлер қарсы алды. Балалар кейіпкерлермен фотоаймақта естелік суретке түсіп, кейін жаңа жылдық ертеңгілікті тамашалады.
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жұмкей Берген Жұмкейұлы балаларды құттықтады: «Сіздерді осындай тамаша күнде жаңа жыл мерекелеріңмен құттықтай отырып, келе жатқан жылымыз жақсы көңіл күй сыйлап, оқуларыңыз өте жақсы болып, барлық тілектеріңіз бен армандарыңыздың орындалуына тілектеспін. Жаңа жыл барлығымызға тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!»
Әр балаға Қосшы қаласы әкімінің атынан тәтті сыйлықтар табысталды. Мереке соңында балаларды жаңа жылдық «Тәтті мерекелік» дастарханға шақырылды.
Мерекелік іс-шара балаларға жақсы әсер етті!