Текст
2022 жылдың 24-25 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Осы мерекеге 9-13 жас аралығындағы балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, оқуда, спортта, шығармашылық және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатысты.
24.12 Зеренді ауданында “Сұңқар” сауықтыру кешеніңде орналастырылды. Ол жерде оқушыларға Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен көңілді ойын-сауық демалыс ұйымдастырылды.
Барлық балаларға жүз мың теңге көлемінде ақшалай сертификат және тәтті сыйлықтар табысталды.