Текст
13.12.2022. Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери тарихи мұражайында "Ұлан ұрпақ" әскери патриоттық жас өспірімдер ұйымының мүшелері Ант қабылдау рәсімін өткізді.
Салтанатты түрде Ант қабылдауға Қосшы қаласының Р. Қошқарбай атындағы N1 мектеп және N3 IT лицей оқушылары үміткер ретінде қатысты. Іс шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Ант қабылдаушылар өздері дайындаған әскери спорттық көріністерімен көрермен қонақтарды тәнті етті. Оқушыларымыздың алған әсері тіпті керемет болды. Әскери мамандыққа деген қызығушылықтары арта түсті.