Бүгін, яғни 2022 жылы 29.11-02.12 Атбасар қаласында 20 ауданмен қалалардан спортшылар "Ұлттық ойын лигасына" қатысып, олардың ішінен Қосшы қаласы атынан №2 орта мектебінің оқушылары "Жастар-2023" облыстық оқушылар спартакиадасының бағдарламасына сәйкес, "Балалар жылына" орай, ұлттық және халықтар ойыны бойынша үстел ойындары жарысына 7 "Ә" сынып оқушысы Серікқызы Нұралы, 8 "Ә" сынып оқушысы Қазтаев Ернат, 8"В" сынып оқушысы Байбусинов Жасмин, 8 "В" сынып оқушысы Молдабеков Арлан" қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушыларға медаль және кубок беріліп, грамотамен марапатталды. Жаттықтырушысы Байжанов Төкен Еркебұланұлына алғысымызды білдіреміз. Жарайсыздар, спорт сүйер өрендер! Биіктерді бағындыра беріңіздер!👏👏👏
#2 ЖОББМ оқушылары және жетекшісі Байжанов Т.Е шын жүректен құттықтаймыз‼️🇰🇿👏♟️🥈