Косшы қаласы "Балбала" балабақшасында Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Алтын күз - 2022» мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді. Мерекеге барлық топтардың балалары белсене қатысты. Балалар тәрбиешілермен, музыка жетекшісімен бірге күз туралы ән айтып, би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Ең жарқын және ұмытылмас таңғаларлық сәт болды, ол балаларға жемістері бар себет яғни күзгі сыйлық!
Балабақшадағы мереке – бұл әрқашан сыңғырлаған балалар күлкілері мен көңілді сәттері. Іс-шара жарқын, көңілді, қызықты өтті. Ата-аналармен бірлесе жасаған «Сән үлгісі» бойынша көрсетілім ұйымдастырылды. Табиғи материалдарды қолданып жасалған әдемі сән үлгісі мереке қонақтарын тамсандырды. Ата-аналар мен балалар бірлескен өз шығармашылықтарын көрсете білді. Әр жасалған заттар үшін балалар мен олардың ата-аналары мадақтамалармен марапатталды.