"Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы 1 ЖОББМ"КММ
"Балауса" жазғы демалыс лагерь
2- сезон аяқталды.
Бақытты күндер күнде болды, еңбекқор ұстаздардың еңбегі зор🌹
Қолдаушы, ата-аналарға рақмет💐
ДЕМАЛЫСТЫҢ КӨРКІ- ЛАГЕРЬ
«Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ» КММ
Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларын денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да оқушылардың рухани баю өз күштерін тексеру және байқап көру қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей лагерде өтеді. Мектебімізде балалалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан «Балауса» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды. Мектеп лагерінде 86- мұғалім жұмыс жасауда.
Бала саны: 100
1-сезон мұғалімдері: 35
2-сезон мұғалімдері: 27
3-сезон мұғалімдері: 24
1 маусым- Балаларды қорғау күні лагерь ашылуы болып, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Балалардың жас мөлшері 5 жастан 10 жасқа дейін. Жазғы лагерде аз қамтылған және көп балалалы отбасы т.б балалар тартылды. Мектептегі оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты: Оқушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайларды жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің жеке-басы қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, бос уақытын қызықты, әсерлі өтілуін ұйымдастыру. Осындай мақсатты көздеген «Балауса» жазғы демалыс лагері жаз уақытында балаларды демалыспен қамтуға байланысты тәрбиелік және спорттық бағдарламаларды іске асыруда. Әр сынып оқушылары жаз бойы өз уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізіп жатты. Бекітілген жоспарға сәйкес лагерь демалушылары күн сайын әр түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар өткізіліп, мектеп ішінде кинолар ұйымдастырылды. Лагерь оқушыларына күнде көңіл күй сыйлаған мектеп ұстаздарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз. Лагерь оқушылары көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенділік көрсетті. Жаздағы жақсы демалыс жақсы ұйымдастырылды. Лагерь ұстаздары мектеп директоры: Ильясова Сулуай Қуанышевнаның алғыс хатпен марапатталды.
Оқушылардың демалуына үлес қосқан ата-аналарға рақмет.
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары және лагерь директоры: Бажиева Гульбану Аманбаевна