Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі»
«Демалыстың көркі - лагерь»
Балаларымыздың асыға күткен жаз мезгілі мерекемен қатар кіріп келді. Жаз-балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Жаз дегенде баршамыздың көз алдымызға демалыс уақыты елестейтіні сөзсіз. Оқу кезеңін аяқтап, демалысқа асыққан балаларымыздың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру өте маңызды.
Қосшы қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Бала- бақыт, бала -байлық» атты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде ашылу салтанаты өтті. «Балдәурен» орталығына 12 топ қабылданды. Топтар: «Алау», «Достық», «Күншуақ», «Болашақ», «Бірлік», «Сұңқар», «Апельсинки», «Балдырған», «Балауса», «Қарлығаш», «Жұлдыз», «Арыстан»
Алғашқы күннен бастап лагерь балалары қауіпсіздік шараларына қол қойып, өз міндеттері және өткізілетін іс-шара, ойындармен танысты.
Жұмыс кестесі оқушыларды қабылдаумен басталды. Дене шынықтыру мұғалімдері және тәрбиешілер таңғы жаттығуды жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды. Балаларға жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты қауіпсіздік сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді. Кешенді түскі ас беріліп, жоспар бойынша балаларға екі тілде мультфильм көрсетіліп отырды.
Күн тәртібі және лагерь жоспары бойынша күнделікті іс-шараларды атап өтсек, «Көңілді эстафета», «Рәміздерім-мақтанышым», Қосшы қаласының орталық қалалық кітапханасына бару, «Лагерь аруы -2022», «Қарым-қатынас» тренингі, «Ертегілер еліне саяхат» ертегілер қойылымы, «Құпия қорап» ойыны, «Бір-бірімге мұң сыйламай, гүл сыйлайық» қолөнер сабағы, «Менің өнерім» арт-терапия әдісі, «Шебер қолдар» қолөнер сабағы, «Білгіштер алаңы» логикалық тапсырмалар, ребус, ойындар және т.б
Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысты. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру – бүгінгі күннің басты міндеті.
Алдағы лагерьдегі демалыс уақыты қызықты өткізіледі деген сенімдеміз! Лагерь балаларына күнде көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын, еңбекқор ұстаздарға алғыс білдіреміз!Өскелең ұрпақтың бақыты мен балалығы көп болсын деп тілейміз!
Сабирова Жұлдыз Рахатқызы
Қосшы №2 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Лагерь директоры