«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолда жүру ережесі "Алтын дән" бала-бақшасында

17.06.2022

17.06.2022 ж. Балалар жылына орай Қосшы қаласы «Алтын дән» балабақшасы МКҚК "Жолда абай бол балақай!" тақырыбында жолда жүру ережесіне орай   іс-шара жоспарланып өткізілді.

Мақсаты: Жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Жаяу және көліктің  байланыс қатынасын үйрету және сөздік қорын байыту. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге және жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Іс -шарамызға  қалалық  білім бөлімінің  мектепке дейінгі ұйым әдіскері және жекеменшік балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты.

Балалардың қауіпсіздігін алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс- шарамызға Қосшы қаласының жол көлік инспекторы  қатысып, жол белгілері туралы және жол қауіпсіздігі туралы балаларға түсіндірді. Балалар орманға саяхат жасау арқылы түрлі аңдармен кездесіп түрлі қызықты оқиғаларға тап болды. Балалардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін арттырды. Балалар жол белгілері  туралы өлең тақпақтарын айтты.

Түрлі көрнекіліктер пайдаланылды. Жол белгілері, бағдаршам макеті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер, жол белгілері.

Жолда жүру ережесі байланысты «Жол белгілерін білесің бе?» атты көрме ұйымдастырылды. Онда балалар ата-аналарымен біріге отырып салған суреттері  ілінді.

 

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст