Текст
17.06.2022
Бүгін, яғни 2022 жылғы 17 маусымда Қосшы қаласының түлектері мектеп қабырғасынан ұшқалы отыр. Жаңа қаламыздың ең алғашқы түлектері жалпы орта білім туралы аттестаттарын алып, үлкен өмірге қадам басуда.
Қаламызда 2 мемлекеттік, 1 жеке меншік мектеп ордасы бар. Биылғы оқу жылында Қосшы қаласының мектептерін 216 түлек аяқтады. Олардың 202-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірді, соның ішінде 8 «Алтын белгі», 15 үздік аттестат үміткерлері.
Жас түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!
Өмірде өз жолдарын тауып, жақсы мамандық иесі болуларына тілектсепіз...

