Текст
Жақсы көңіл күй жан азығы”.
2022 жыл, 15-маусым күні “Балдәурен” жазғы сауықтыру орталығындағы оқушылармен мектеп психологтары “Жақсы көңіл күй жан азығы” тақырыбында тренинг - сабақ өткізді.
🔆Тренинг-сабақтың мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орната алуға баулу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылтуға көмек беру.
🌿Тренинг-сабақтың барысы: Қатысушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға негізделген “Менің көңіл күйім”, “Бес мейірімді сөз”, “Бір-бірімізбен ерекше амандасу”, “Өрмекші торы” сонымен қатар арт-терапия элементтері бар психологиялық жаттығулар жасалды.