2022 жылдың 15 маусым күні Косшы каласы "Амина-2011" балабақшасында
жазғы іс шаралар
жоспарындағы
🍬🍬🍬 "Бантик пен Фантик" 🎀🎀🎀
атты көңілді мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс шараның мақсаты:
Балалардың дене мүсінінің
сұлулығын қалыптастырып,
қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамытып, жылдамдыққа,
шапшаңдыққа,
ұйымшылдыққа баулу,
белсенді болуға,
біреудің жеңісін бағалауға
үйрету.
Мерекеміз, сыйлы қонағы Қосшы қаласы, білім бөлімінің әдіскері Гауһар Қабжаппарқызының құттықтау сөзінен басталды.
▪️Ересек тобының тәрбиеленушісі Марат Фариза " Тәуелсіздік ел тұғыры"атты әнді, "Балапан" тобының балалары "Достық" әнің орындап шықты.
▪️Мың бұралған биші бүлдіршіндеріміздің орындауында " Тәп-тәтті" , "Қуыршақ", "Радуга желании", "Джентельмен" , "Разноцветные стекляшки", "Гүлдер" атты билерді тамашаладық.
▪️ Балалармен және келген қонақтарымызбен мерекеде болған ертегі кейіпкері көңілді ойындарды өткізді. Белсенді қатысқандары үшін тәрбиеленушілеріміз тәтті марапаттарға ие болды.
▪️Балалар жаз туралы және мерекенің тақырыбына байланысты тақпақтар айтты.
▪️Бүгінгі өткізілген ашық мерекелік іс шараның сыйлы қонақтары:
"Алтын дән", "Балдәурен", "Ер наз", "Бөбек", "Айналайын","Бал бала", "Алтын сақа","Болашақ", "Балдырған"
балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері.
▪️Мереке балабақша тәрбиешілерінің орындауында "Бантиктер" атты флешмоб биімен және балаларға ұнайтын түрлі түсті конфетиді атуымен тәмамдалды.