«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері туралы» Заңға қол қойды.

03.06.2022

2022 жылдың 3 маусым күні  Қосшы қаласы бойынша  «Алтын дән» балабақшасы МКҚК -де және 25 жекеменшік бала-бақшаларда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай  «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі»  атты  кітап көрмесі және барлық топтарда тәрбие сағаттары өтті.Осыған орай Қосшы қаласы бойынша балабақшаларда таңғы жаттығудан кейін балалар қатарға тұрып, Гимн шырқалды.

    1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды.

Бұл күн еліміздің тарихында Мемлекеттік Рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды.

2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні ретінде бекітілді.

  Мемлекеттік Рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, ел жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың  Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. 

Мемлекеттік рәміздер –  Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст