03.06.2022



Р.Қошқарбай атындағы №1 Қосшы орта мектебінде 2022 жылдың 03 маусым күні 9 –сынып бітірушілеріне арналған қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттаудың жазбаша емтиханы өтіп жатыр. 9-сыныпты бітіруші оқушылар саны – 121. Емтиханға төрт қазақ сыныбынан -94 оқушы, бір орыс сыныбынан -25 оқушы қатысты. Екі оқушы денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды. Бітіруші түлектер арасында үздік аттестатқа үміткер он сегіз оқушы бар. Емтихан талапқа сай өткізілуде, ауырған және кешігіп келген оқушылар болған жоқ.
Оқушыларымызға емтиханды ойдағыдай аяқтауларына сәттілік тілейміз.