24.05.2022
Қосшы қалалық және Целиноград аудандық білім бөлімдерінің оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, әскери патриоттық Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудағы мақсатта өткізілген бес күндік оқу- далалық жиынына және әскери тактикалық жаттығу сабақтарына Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы № 1 және Қосшы қаласы № 2 жалпы орта білім беретін мектептердің 10 сынып оқушылары арасынан 57 оқушы қатысты.
Сонымен қатар, осы оқушылар әскери қызметшілердің, офицерлердің және сарбаздарың өз борыштарын қалай атқарып жүргендерімен танысу мақсатында Ақмол ауылындағы 44813 әскери бөлімге экскурсияға барды. Балалар өздерін нағыз сарбаз ретінде сезініп, жақсы әсер алды.
Осы іс-шараларға оқушыларымызға үлгі көрсетіп, әскери тәртіпке үйретіп, жетекшілік танытып жүрген АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары пәні мұғалімдеріне ризашылығымызды білдіреміз.