«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалар жылы" іс-шара аясында өткен Қосшы -2 байқау "Ханзада мен Ханшайым-2022"

25.04.2022

 Мектебімізде 23 сәуір күні 2022 жыл «Балалар жылы» жоспарының орындалуы бойынша «Ханзада мен Ханшайым -2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
 Байқауға 9-10 сынып оқушылары арасынан 7 жұп қатысты.  Іс-шара барысы  «Тегімді менің сұрасаң…», «Бар ізгілік тек білімнен алынар», «Өнерлі бала – елдің көркі», «Сұлулық сыры» сынды 4 кезеңнен тұрды. Түрлі кезеңдер барысында оқушылардың өнерін тамашалай отырып, нағыз мықты, нағыз лайық деп 10 «Ә» сынып оқушылары Алиакбар Ғалымжан мен Жаканбаева Нұрай «Ханзада мен Ханшайым-2022» аталымын иеленді.
Сонымен қатар қатысқан жұптар түрлі номинациялармен марапатталды. 
Атап айтатын болсақ , 10 «А» сынып оқушылары Садық Талант пен Асқарқызы Ингилс «Белсенді жұп», 9 «Е» сынып оқушылары Кусаинов Даниал мен Султанова Адия  «Ең тәтті жұп» , 9 «Д» сынып оқушылары Мағауия Данияр мен Қарабай Ұлжанай  «Ең тапқыр жұп», 9 «А» сынып оқушылары Талғат Тайрлан мен Оклянова Дана «Ең көңілді жұп», 9 «Б» сынып оқушылары Мұратұлы Аян мен Жандосқызы Гулжан «Көрермен көзайымы», 9 «Ә» сынып оқушылары Қаршаға Нұрлан мен Жанабаева Шахиризада «Өнерлі жұп» номинациясымен марапатталды.
«Ханзада мен Ханшайым-2022» байқауына белсене қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст