«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 7-8 сыныптар арасында өтті

15.04.2022

022 жылдың 12-13 сәуір аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға қалалық және аудандық 23 мектептен 163 оқушы қатысты. Юниор олимпиадасы 7-8 сыныптар арасында математика, биология, химия, физика, информатика пәндерінен өткізілді.13 сәуір күні Юниор олимпиадасының салтанатты түрде ашылуы болды.«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының міндетін атқарушы Аягөз Алдабергенова оқушыларға сәттілік тілей отырып, олимпиада тәртібі туралы нұсқаулықпен таныстырды.Олимпиаданың әділ өтуі үшін Ақмола  Дарыны парақшасының Ютуб каналында тікелей эфирде ата-аналар және жетекшілер бақылай алды.Қатысушылардың жұмыстары мен нәтижелері Ақмола Дарыны сайтында жарияланады. Қосшы қаласы білім бөлімі нұсқаулығы бойынша Р. Қошқарбаев атындағы № 1 мектебінең 3 оқушы, Қосшы  №2 мектебінең 3 оқушы, Бизнес-академия "Дара" мектебінең  3 оқушы  қатысты.  Оқушылар бақтарын сынап барды, жүлдегер болмаса да 2021-2022 оқу жылындағы  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін барлықтарына сертификат беріледі. Оқушылар үшін бұл жаңа танысу, жаңа эмоциялар, тәжірибе, достық қарым-қатынаста болып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Просмотров: 313

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст