02.05.2025
STEM – заманауи мектептің білім беру ортасындағы оқытудың жаңа әдістемесі
Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция табысты өтті!
Конференцияның басты мақсаты – қазіргі заман талабына сай STEM-бағдарламасын мектеп ортасына енгізудің тиімді жолдарын қарастыру, педагогтер мен оқушылардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту. STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) – ғылым, технология, инженерия және математика пәндерін біріктіре оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау, зерттеушілік қабілеті мен жобалық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыратын инновациялық бағыт.
Бұл конференцияда облыстың әр өңірінен келген мұғалімдер мен оқушылар өз тәжірибелерімен, жобаларымен, ғылыми ізденістерімен бөлісті. Әрбір секцияда тың идеялар айтылып, қызықты сұрақтар туындады, ал пікір алмасулар шығармашылыққа жетеледі.
Конференция барысында:
• STEM жобалардың көрмесі ұйымдастырылды;
• Оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен ғылыми жұмыстары ұсынылды;
• Жаңашыл әдістемелер мен педагогикалық тәжірибелер талқыланды.
STEM – бұл жай ғана пәндерді біріктіріп оқыту емес, бұл – болашаққа жол! Бұл – оқушыны ойлауға, ізденуге, құрастыруға, жаңашыл болуға жетелейтін бағыт. Осындай шаралар арқылы біз білім берудің келешегіне үлес қосып қана қоймай, оқушыларды ХХІ ғасырдың талаптарына бейімдей аламыз.