Текст
15.01.2024 жылы Қосшы қаласы мектеп-гимназиясында АӘжТД пәнінің оқытушысы, запастағы Лейтенант Демеуов Қуаныш Болатұлының ашық сабағы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес, «Машиналық интеллект және Роботтық техника» атты тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Шеберлік сабағына ББ әдіскері Б.Қамиев және Қосшы қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің АӘжТД оқытушылары қатысып, күн тәртібінде әскери іс шаралардың 2025 жылдың жылдық жоспарымен таныстыра отырып, тәжірибе алмасты. Қалалық семинар өте жоғары деңгейде өтті. Семинарды сәтті аяқтап, алдағы болатын «Мерген» жарысының жоспары құрылып, бекітілді.