«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Консультативтік пункт

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақтың дене шынықтыру мәдениеті» институтының түлегі педагог-сарапшы

13.01.2025

«Қазақтың дене шынықтыру мәдениеті» институтының түлегі педагог-сарапшы Ивышева Эльмира Кияқовна қазіргі таңда №3 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде көптеген жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстардың жеңімпазы ретінде мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
      Ол шәкірттеріне дене тәрбиесінен дәріс беріп, оқушыларын түрлі сайыстарға қатыстырып қана қоймай,  өзі де байқаулардан жүлделі  орындар иеленіп жүрген маман. 
     Қосшы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері арасында өткен «2024 жылдың үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» қалалық байқауында және  «Мұғалімдер және ҚР кәсіподақтар күні» мерекелері қарсаңында өткізілген қалалық спорттық ойын жарыстарында «Бес асық» ойыны бойынша I  орындарға ие болған.  
      Эльмира Қияқовна республикалық баспа беттеріне, конференцияларда  мақалалар жариялап, өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал «Мектептегі дене шынықтыру» журналына «Қозғалмалы ойынды дене жаттығуында қолдану» тақырыбында,  Алматы қаласы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Білім беру жүйесін дамытудағы заманауи үрдістер» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы материалдар жинағына мақаласы жарияланды.
        Ақмола облысы Қосшы қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Бес асық» ойыны жарысынан жүлделі I орын алып,  Бегис Аяужан, Ержанова Маржан, Жаңатай Кербез сынды оқушылары   облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысқан.
        Ивышева Эльмира Кияковна  өз ісіне берілген, мамандығын мақтаныш ететін білімді де, білікті ұстаз.  

Просмотров: 709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст